Еуразиялық қайта құру банкі кемі бір миллиад доллар инвестиция салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық қайта құру банкі кемі бір миллиад доллар инвестиция салады

25.04.2024

Еуразиялық қайта құру банкі Қазақстанға биыл кемі бір миллиард доллар инвестиция салады. Бұл жайлы АҚШ астанасы Вашингтонда Дүниежүзілік банктің көктемгі кездесу шаралары барасында Қаржы институтының Басқарма төрағасы Николай Подгузов мәлімдеді. Банк екі жыл ішінде еліміздегі маңызды инфрақұрылымдық жобаларға 2.2 млрд доллар бөлген. Мәселен, Алматы жылу электр станциясын көмірден газға ауыстыру бойынша ауқымды құрылыс жүріп жатыр. Сондай-ақ Алматы әуежайын қайта жаңарту жобасы аясында биыл жаңа терминал іске қосылуы тиіс. Жалпы, банк стратегиясы бойынша 2022-2026 жылдары Орта Азия елдерінің экономикасына 11 млрд доллар құйылмақ. Оның басым бөлігі Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Николай Подгузов Еуразиялық қайта құру банкінің Басқарма төрағасы:

Өңірде 22-23 жылдары 4,2 млрд доллар болатын инвестициялық жобаларды қаржыландырсақ оның жартысы Қазақстанға тиесілі болды. Сондай-ақ, 2024 жылы Қазақстан экономикасына кем дегенде 1 млрд, АҚШ долларын құюды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде транспорттық жобалар, әлеуметтік нысандар және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен өңірлік автомобиль жолдарын жөндеу көзделген.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу