Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатында алтын ала алмады. Спортшыларымыз 4 қола медалді еншілеп, елге оралды. Гонконг қаласында өткен жарысқа 34 елдің 250-ден астам татами шебері қатысты. Еліміздің дюдошыларынан 48, 66 және 63 келі салмақ дәрежелерінде Ғалия Тынбаева, Жаңарыс Рахметқали мен Есмигүл Құюлова үшінші орын алды. Әрі Ұлттық құрама аралас командалық сайыста да қолаға ие болды.
Досжан Маратұлы