Қарағандыда өртенген орман алқабына 90 мың көшет егілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда өртенген орман алқабына 90 мың көшет егілді

24.04.2024

Қарағандыда өртенген орман орнына 90 мың қарағай мен үйеңкі егілді. Көшеттердің барлығы жергілікті тұқым бақта өсірілген. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген шараға 100-ге жуық орманшы, мемлекеттік қызметкерлер және еріктілер қатысты. Осыдан екі жыл бұрын өңірде 70 гектар орманды алқап жанып кеткен болатын. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу