Қызылорда облысында 115 елдімекеннен Конго-Қырым қанды безгегін тасымалдайтын кене ошағы анықталған. Сондықтан мамандар далалық жерлер мен қора-қопсыларда зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соңғы жылдары аймақта кене көбейген. Былтыр 13 адам Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған. «Негізгі қауіпті аймақтар – қаланың шеті мен іргелес ауылдар», - дейді мамандар.
Айгүл Мусиева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:
Бірінші кезең осы қазір жүріп жатыр. Сәуір айының 12-24 аралығында. Бүкіл елді мекендерде өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін механикалық тазалау. Екінші кезеңі 12-24 аралығында жоспарланып отыр. Кене шағудан зардап шеккен 54 адам тіркелді. Олардың барлығы медициналық бақылауға жүгінген. Барлығы амбулаториялық ем қабылдауда.
Әбдібек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/192815/)