Лондон марафонына қазақстандықтар қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондон марафонына қазақстандықтар қатысты

23.04.2024

Қазақстандықтар Лондон марафонында жүгірді. Олар 160-қа жуық мемлекеттен келген мыңдаған адаммен қосылып, 42 шақырымды өткерді.

Желаяқтар кәсіби, әуесқой және мүмкіндігі шектеулі спортшылар ретінде бірнеше топқа бөлініп жарысты. Әуесқой спортшылардың арасында 30-ға жуық отандасымыз болды. Араларында әлемдегі 6 ірі: Бостон, Берлин, Чикаго, Нью-Йорк және Токио марафондарына қатысып, енді міне Лондон көшелерімен жүгіріп өткен желаяқтар да бар. Көпшілігі кәсіпкерлер. Өйткені олар Ұлыбритания астанасының шыңын бағындырмас бұрын қымбат саяхат шығындарын көтере алулары керек.

Асхат Рамазанов, Лондон марафонына қатысушы:

Лондон марафоны өте керемет өтті. Енді біздер Лондон болған соң кішкене ауа райынан қорықтық. Бірақ ауа-райы бүгін керемет болды. Күн сәулесі, температура жылы болды. Жүгіруге өте ыңғайлы болды.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу