«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қарағанды облысында жалғасын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қарағанды облысында жалғасын тапты

23.04.2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қарағанды облысында қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Жасыл аймақ» апталығы аясында кеншілер қаласында 500-ге жуық ағаш егіліп, 200-ден астам тұрғындардың қатысуымен бұлақ көздері ашылды. 7 күндік науқанда әлі бір талай жұмыстар атқарылмақ. Жалпы аймақ бойынша 90 мыңнан астам көшет егіледі. 100-ге жуық мектеп оқушылары құстарға ұя жасап, саябаққа апарып ілді.

Бекжан Сәулебек, оқушы:

Құстар біздің достарымыз. Оларды қорғау біздің мақсатымыз. Мен бұл ұяны ұстазыммен бірге, ағаштарды кесіп жасадым.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу