Омбы облысында тұратын қазақтар гуманитарлық көмек жөнелтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Омбы облысында тұратын қазақтар гуманитарлық көмек жөнелтті

23.04.2024

Ресейдің Омбы облысында тұратын қазақтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтуде. Осы күнге дейін барлығы гуманитарлық көмек тиелген 22 көлік, яғни 55 тонна жүк жіберілген. Қандастарымыз арнайы есеп-шот ашып, қаржыны тасқынаннан зардап шеккендердің қажеттіліктеріне жаратпақ.

Темірболат Әубәкіров, Омск қаласының тұрғыны:

Қазақстандағы көктемгі су тасқыны туралы ақпарат жүрегімізді қайыстырды. Сондықтан гуманитарлық көмек жинаймыз деп шештік. Азық-түлік, киім-кешек, ауыз су жеткіземіз.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу