Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында гидроқұрылыс нысандарына бөлінген қаржыны жымқыру бойынша төрт іс қозғалды. Мұны Қаржылық мониторинг агентігі хабарлады. 5 адам күдікті деп танылды. Алдын ала есеп бойынша залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеретін болады.