Жайықты бекемдеуге қосымша 200 әскери қызметкер жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайықты бекемдеуге қосымша 200 әскери қызметкер жіберілді

23.04.2024

Батыс Қазақстан облысына қосымша 200 әскери қызметкер жіберілді. Мұны Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Өңір аумағын тікұшақпен барлаған Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлар министрлігіне тапсырма берді. Су тасқынының шарықтау шегінен өткен аудандардағы жеке құрам мен техниканы Жайық өзенінің төменгі ағысындағы елдімекендерге жеткізуді тапсырды.

Мамандар Орынбор жақтан ағып, Жайық өзеніне құйылатын су көлемінің біртіндеп азаюы байқалады деп отыр. Бұған Бәйтерек ауданына қарасты Озерное, Рубежинское және Январцево ауылдарындағы судың азаюы дәлел болған. Дегенмен қауіп сейілді деуге ерте екенін айтты. Қазір 6 мыңнан астам адам бөгеттер салып жатыр. Тағы 200 әскери қызметкерлер жіберілген.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу