Қытайда тасқын кезінде 11 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда тасқын кезінде 11 адам жоғалып кетті

22.04.2024

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандунь провинциясында су апатымен күрес жалғасып жатыр. Бұл аймақта алапат тасқын сәуірдің 18-нен бері дамылсыз жауған жаңбырдан басталды. Одан кейбір елдімекендерде лай көшіп, ауыз су жүйесі істен шығып, жарық өшкен. Ал «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, 11 адам жоғалып кетті.

Метеорологтардың хабарлауынша, Қытайдың түскейінде әдеттегіден ерте басталған тасқындар маусымы кезінде қатты дауыл соққан.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу