Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Айдарлы ауылында қолөнершілер фестивалі басталды. Ісмерлер қазақтың ұмыт қалып бара жатқан киіз басу, текемет тоқу өнерін кеңінен дәріптеп, ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртпақ.
Мамандар қазіргі таңда елімізге қарүй әбзелдері көбіне қырғыз нарығынан келетінін айтады. Сондықтан, отандық қолөнершілер киізден жасалатын тұрмыстық бұйымдардың өндірісін дамытуды көздейді. Соның ішінде, Сыр өңірінің Айдарлы ауылы мал терісі мен жүнін өңдеп, ұлттық дәстүрді түлетіп отырған елді мекендердің бірі. Ақ жаулықты аналардың киіз басуға арналған арнайы қондырғылары мен құрал-жабдықтары бар. Еліміздің әр өңірінен келген ісмер әйелдер білген-түйгенімен бөлісіп, тәжірибе алмсады.
Марияш Айжанова, қолөнерші:
Киіз басуды әрі қарай өрістету мақсатында жұмыс істеп жатырмын. Киіз басам, текемет басам, сырмақ сыримын, түскиіздер жасаймын. Кейін негізі теріні де өңдеу мақсатында тері тігетін машинка алдым. Үйренем дегендер болса оны өзімде білгенімді үйретуге дайынмын.
Әділбек Серікұлы