Әскерден университетке. Астанадағы «Айбын» президенттік полкі» 01/12 әскери бөлімінің сарбаздары, боршын өтеп үйлеріне қайтты. Запасқа шығарылған 87 солдаттың 10-ы жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алды. Олар «Срочник 2.0» цифрлық платформасы арқылы іріктелген. Яғни жауынгерлік дайындық сабақтарының үздігі, үлгілі тәртібімен көзге түскен және жауынгерлік кезекшілікте жоғары көрсеткіш көрсете білген. Бөлім командирінің орынбасары аталмыш бағдарлама сарбаздарды жігерлендіре түседі.
Медет Елемесов, «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлім командирінің орынбасары:
Осы сертификатты алу үшін әрине, әрбір сарбаз оған асығады, талпынады. Сол себепті қазірге таңда бізде ғана емес басқада құрылым күштерінде осы деңгейде жұмыстар жүріп, сарбаздардың тәрибе мәселе жөнінде, мотивациялау жөнінде жақсы іс болып отыр. Былтырғы күзді биылғыны қосқан кезде уже 40-қа жуық сертификат алдық. Қазіргі таңда 2023 жылы кеткен балалар оқып жатыр.
«Срочник 2.0» бағдарламасына еліміздегі 70-тен астам жоғары оқу орны қатысады. Сарбазға үш университет таңдау құқығы беріледі. Сертификат алған сарбаздың бірі - Мирас Дәрібай. Ол Орал қаласындағы жоғары оқу орнында тегін оқуға мүмкіндік алды.
Мирас Дәрібай, сарбаз:
Біз әскерден тек өмірлік тәжірибе ғана алмай алдағы уақытты білім алуға да үлкен мүмкіндік алып отырмыз. Өнер саласы бойынша бір мамандық таңдаймын.
Асылбек Данияр