Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің іскер әйелдері кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл шешім Стамбұлда өткен түркітілдес елдер іскер әйелдерінің форумында қабылданды. Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстаннан жиналған 400-ге жуық кәсіпкер әйел, Ыстамбұл кәсіпкерлер палатасында бас қосып, бірлескен жобаларды талқылады. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің өзара тауар айналымы 42 млрд доллар көлемінде. Бұл өзге елдермен жасалатын сыртқы саудамен салыстырғанда өте аз. Сондықтан, кәсіпкер әйелдер бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы алдағы жылдарда өзара сауда-саттықты жандандыруды жоспарлап отыр. Кеңестің келесі кезекті отрысы Астанада өтепек.
Ләззат Рамазанова, Түркі мемлекеттері іскер әйелдері кеңесінің төрайымы:
Осы кеңесте ең бірінші төрағалық Әзербайжанда болса, енді биыл 2024 жылы бұл кеңестегі төрағалық Қазақстанға өтеді. Әйел кәсіпкерлерге ерекше маңыз аударып отырған еліміздегі өзгерістер осы кеңестің жұмысына ортақ түрік мемлекеттері одағында жасалып жатқан бизнес бастамалардың оң нәтижесін көреміз деп ойлаймыз.
Айдос Әшімұлы