Испанияның Канар аралдарында туристердің көптеп келуіне қарсы шеру өтті. Себебі жергілікті тұрғындар үшін үй бағасы тым қымбаттап кеткен. Және де аралдардың инфрақұрылымына салмақ түсіп, экологиясы ластанып, жылжымайтын мүлік шетелдіктердің қолына өтіп жатыр. Демонстранттардың сөзінше, бұл проблемалардан арылу үшін туризмге шектеу қою керек. Билік те саяхатшылық секторына бақылау қажеттігін мойындап отыр. Айта кетсек, Канар аралдарында 2,2 миллион адам тұрады. Ал былтыр бұл архипелагқа барған шетелдіктер саны 14 миллионға жақындаған.
Арыстан Рысбек