Профессор, инженерлік геоматика және су ресурстары бойынша маман Жанай Сағынның айтуынша, әлем елдері дамбы салудан бас тартып жатыр. Судың көлемі көп болса, оны кез келген сәтте жарып жібереді. Оның үстіне судағы барлық пайдалы минаралдар дамбаның астына шөгіп, құр судың егістікке пайдасы аз болуы мүмкін.