Солтүстік Қазақстан оқушылары тоқсандық қорытындылаудан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан оқушылары тоқсандық қорытындылаудан босатылды

21.04.2024

Су тасқынына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының оқушылар да тоқсандық қорытындылаудан босатылды. Мұны оқу ағарту министрлігі хабарлады. Тағы екі аймақ, яғни Ақмола және Батыс Қазақстан облыстары бойынша мәселе қаралып жатыр деді министрліктің ресми өкілі Мереке Аманкелдіқызы.

Айта кетейік бұған дейін Атырау және Ақтөбе өңірлеріндегі оқушылар тоқсан және бөлім бойынша жиынтық бағалаулардан босатылған. Қазір жалпы эвакуациялық орталықтарда 4 мыңға жуық оқушы ата-аналарымен тұрып жатыр.

Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу