Бес облыс аумағында 5 мыңнан астам жеке үй су астында қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бес облыс аумағында 5 мыңнан астам жеке үй су астында қалған

21.04.2024

Жалпы 5 облыста 5 мыңнан астам жеке үй суда тұр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте мәлім етті. Бұған дейін тасқыннан қауіп төнген аймақтардан қауіпсіз жерге көшірілгендердің 22 мыңнан астамы үйіне қайта оралған. Алайда 8 мың 800-ден аса адам барар жері болмаған соң, эвакуациялық пункттерді паналауға мәжбүр. Оның 3 мың 900-ге жуығы - балалар. Табиғи апат салдарымен күрес басталғалы бері 11 млн текше метрден астам қар суы сорылған. Қазіргі таңда бес облыста апаттық-құтқару жұмыстарына он мыңдаған адам мен мыңдаған техника жұмылдырылған

Қаркөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу