Оралдағы Жайық деңгейі қауіпті межеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы Жайық деңгейі қауіпті межеден асты

21.04.2024

Ресейден келген нөпір судан Жайық өзені бойын жағалай орналасқан 80 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ерхан Тәткен мәлім етті. Соңғы ақпар бойынша, Орал қаласындағы Жайықтың деңгейі қауіпті межеден 4 см-ге асқан. Қазіргі су деңгейі 8 м 54 см-ді құрап отыр. Ал Көшім ауылы тұсында Жайықтағы су деңгейі бір тәулікте 22 см-ге көтеріліп, 8 м 38 см-ді құрады. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы 166 пайызға толған. Мұнда судың деңгейі 3 м 48 см-ге жеткен.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу