Жүректен жүрекке. Қазақстан халқы ассамблеясы, осылай аталатын қайырымдылық жобасы аясында, Солтүстік Қазақстан облысына кезекті гуманитарлық көмегін жіберді. Осы жолы ауыз суы, киім-кешек, төсек орын, жеке гигиеналық заттар тиелген. Бұл ұйым атынан зардап шеккен аймаққа аттанған 79-жүк көлігі. 1 сәуірден бастап жалпы соммасы 750 млн теңгеден асатын 1 мың 100 тонна керек жарақ жөнелтілген