Бүгін елордадағы саябақтарға да абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 80-нен аса тарихи-және мәдени ескерткіштер тазаланды. Экологиялық акцияға қала тұрғындары, мәдениет саласының қызметкерлері мен эстрада әншілері де атсалысты.
Нұрлан Өнербаев, әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
Жер бусанып, қар ерігеннен кейін өзінің тұрған жерін, айналасын тазарту, бұлақтың көшін ашу, тал-теректердің түбін қопсыту бұрынан қалыптасқа, қанға сіңген дүние. Сондықтан осы дәстүрді ұмытпа керек. Бұл жердегі бірінші мақсат, мына өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа мына өзің өмір сүріп жатқан ортаңды құрметтеу, сыйлау, табиғатқа деген өзіңнің құрметіңді білдіру, соны аялай білу.