Иранның оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Одан Систан-Белуджистан провинциясы ең көп зардап шекті. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, апаттан жолдар бұзылып, ауыз су беру тоқтатылған. Инфрақұрылым қирап, талай гектар егістік алқабын су шайып кеткен. «Вана» агенттігі хабарлағандай, мыңдаған адам үйлерін тастап, көшуге мәжбүр болды. Әзірге құрбандар туралы мәлімет жоқ.
Арыстан Рысбек