Маңғыстауда «Үстүрт» қорығын кеңейту жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда «Үстүрт» қорығын кеңейту жұмыстары басталды

19.04.2024

Маңғыстауда «Үстүрт» мемлекеттік табиғи қорығы шамамен 640 мың гектар аумаққа ұлғайтылады.

«Оңтүстік Үстүрт» кластерлік учаскесі деп аталатын аумақты құру жұмыстары былтыр басталған. Облыста комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде көрші Өзбекстан және Түрікменстан елдерімен шектесіп жатқан аумақ «Үстүрт» қорығына беріліп, қорғауға алынатын болды. Соның арқасында Қазақстанның Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін аң-құстарды қорғап, бақылау жұмыстары күшейтіледі. Жобаның ғылыми негіздемесі жасақталып, экологиялық сараптамадан өткен. 3 ел арасындағы келісімге сәйкес, шекарадағы сымдардың төменгі жағы алынып, аңдар өтетін орындар жасалып жатыр. Мамандардың мәліметінше, бұл аумақта арқар, қарақұйрық, ит аю, қаракөл және алабарыс сондай-ақ, Қазақстанның қызыл кітабына енген 22 түрлі құс бар. Ал бүркіт, қарақұс, үкі, дуадақ секілді құситар ұя салып, мекендейді.

Ғаббас Досатов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

Ол жер 3 мемлекеттің шекарасы Өзбекстан, Түрікменстан Қазақстан. Өзбекстан бөлігінде қорық құрылған. Қорғау жұмыстары жақсы қойылған. Түрікменстан бетінде де қорық құрылған. Енді біз Қазақстанның Маңғыстау бетінен сол аумақты құру. 24 тің бірінші жарты жылдығында бұртса бұл жер қорғауға алынады.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу