Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалын реттеудің жаңа жүйесі енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалын реттеудің жаңа жүйесі енгізілді

19.04.2024

Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық жүк тасымалын реттеудің онлайн жүйесіне көшті. Екі мемлекет арасында «E-Permit» деп аталатын электронды жүйе іске қосылды. Енді, бұл қызмет түріне берілетін рұқсат құжаттарын алмасуда қағазбастылық жойылып, жұмыс жеңілдейді. Жүк тасымалы процесін оңтайландыруға да сеп болмақ. «E-Permit» жүйесін қолдану арқылы квоталармен алмасу процесі сәтті жүзеге асып, алғашқы жүк көліктері «Яллама» кеден бекетінен өтті. «Цифрлық көлік» орталығының мамандары пилоттық режимде іске қосылған жүйе тұрақты түрде жұмысын жалғастырады деп отыр.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу