Шымкентте жоғары оқу орындары бірігіп, Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жоғары оқу орындары бірігіп, Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберді

19.04.2024

Шымкенттегі бес бірдей жоғары оқу орны бірігіп, Батыс Қазақстан облысына 25 миллион теңгенің гуманитарлық көмегін жіберді. Судан қорғану киімдері, көрпе-төсек, азық-түлік пен құрылысқа қажетті заттарды жөнелтті. 5 жүк көлігіне тиелген қайырымдылық көмегі Орал қаласындағы университеттерге жеткізіледі. Қазір ондағы екі жатақхананы 600-дей азамат уақытша паналап отыр. Мұнан бөлек, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Арқалық қаласындағы мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орнына 6,5 миллион теңге қаржы аударды. Бұл ақша сонда оқитын, отбасы қиын жағдайға тап болған 21 студентке беріледі. Шымкенттегі университеттер сондай-ақ еліміздегі су басқан аймақтарға көмек ретінде студент жастардан құрылыс отрядтарын жасақтауды қолға алмақ.

Оңалбай Аяшев, Гуманитарлық көмек жіберуге байланысты бастамашыл топтың жетекшісі:

Келешекте студент волонтерларды жібермекшіміз. Құрылыс отрядтарын қосамыз. Олардың барлығының шығындарын өз мойнымызға алып, қол күші керек іс-шараға студенттерді қатыстырамыз.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу