Бас прокуратура заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтарып жатыр. Бұл жолы 24 млрд теңгенің активтері мемлекет кірісне айналды. Активтерді қайтару жөніндегі комитет арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды.
Сонымен қатар, бейінді Заңның мақсаттарына сәйкес, келешекте өндірілетін қаражат та, зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталады. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссияның отырысында белгілі болды.