Тасқын кезінде қаза тапқандар мен жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқын кезінде қаза тапқандар мен жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

18.04.2024

Су тасқыны кезінде қаза тапқан немесе іс-түссіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, қазір бас-аяғы 7 іс тергеліп жатыр. Оның ішінде, Абай және Атырау облыстарындағы қайғылы оқиғалар зерттеліп жатыр. Министрлік қылмыстық іс қозғау арқылы оқиғаның қалай болғанын, негізгі себебі мен оған кінәлі адамдарды анықтайды.


Хабарламаларға жазылу