Су тасқыны басталғалы бері 162 автожолды су шайды. 618 шақырым болатын 9 учаскеде жол қозғалысы шектеліп, ауыл-аймақпен қатынас үзілді. Бұл туралы «Қазавтожол» қызметі хабарлайды. Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарын су басу қаупі әлі де бар. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол белгілерін орнату, шұңқырлар қазу және қоршаулар орнату секілді екі айлық жоспар түзілді. Қазір жолдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Арман Жүсіпов, «Қажсервис» ЖШС бас директоры:
Көктемнің келуімен бірге іргелес өзендер мен су қоймаларынан судың шығуына байланысты жолды су басудан алып қалу бағытында күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. 00:59 Қазір республикалық жолдарда жолды су басудан алып қалу мақсатында бірлік техника және жеке құрамның адамы жұмылдырылды.