Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің түлектеріне ҰБТ-ға дайындалуға және оқу орнына түсуге көмектесу қажет. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев, Премьер-министрге осындай депутаттық сауал жолдады. Қазір төтенше жағдай жарияланған аймақтың оқушылары онлайн оқып жатыр. 3 мыңнан астам бала эвакуациялау пунктін паналап жүр. 8 мың білім беру мекемесіне су кірген. Яғни, оқушылардың емтиханға дайындалуға мүмкіндігі де, жағдайы да жоқ. Биылғы түлектер Ұлттық біріңғай тестілеуден төмен нәтиже алып, мемлекеттік грантқа ілікпей қалуы мүмкін, - дейді депутат.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
Зардап шеккен аймақтардағы оқу бітіретін түлектерінің тағдырына алаңдап отырмыз. Осыған байланысты уәкілетті өкілдер, министрліктердің құжаттарын тезірек қалпына келтіруге жәрдемдесуі қажет. Себебі, бүгінде оқудың бітуіне небәрі 38 күн қалды. Оқу-ағарту, сондай-ақ ғылым және жоғары білім министрлігі қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, түлектерді ҰБТ-ға даярлауға және олардың жоғары оқу орындарына түсуіне жәрдемдесу жағын қарастырса
Айя Мүтәлі