Су тасқыны: 117 мыңнан астам адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 117 мыңнан астам адам эвакуацияланды

18.04.2024

Су тасқынынан қауіп төнген аймақтарда, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жайдайлар министрлігі комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаштың мәлімдеуінше, ел ішінде тасқын басталғалы бері 117 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Олардың 44 мыңға жуығы - балалар. Өз үйіне қайтып оралған тұрғындардың саны 18 мыңнан асады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 6 мың 800-ден астам отандасымыз эвакуациялық орталықтарды паналауға мәжбүр. Олардың жартысына жуығы - балалар.

Жалпы, табиғи апат салдарымен күрес басталғалы бері/ 10 млн текше метрден астам қар суы сорылған. Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға инертті материалдармен қоса, азық-түлік пен керек-жарақпен жабдықталған гуманитарлық көмек те жеткізіліп жатыр.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу