Маңғыстауда «Бозжыра» шатқалының аумағы қоршалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда «Бозжыра» шатқалының аумағы қоршалады

18.04.2024

Маңғыстауда «Бозжыра» шатқалының аумағы қоршалады. Құрылыс жұмыстары шамамен келесі жылға жоспарланған. Бозжыраны «Қызылсай» мемлекеттік табиғи паркі аумағына енгізу жұмысы да жүріп жатыр. Өйткені бұл әлем бойынша туристерді қызықтыратын ерекше табиғи орын. Мұнда көктемде күніне 20-30, кейде тіпті 100 турист барып, тұмса табиғатын тамашалайды.

Жұлдызбек Есенғалиев, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аға инспекторы:

Шыңымыздың орташа биіктігі 270-300 метрді құрайды. Сондықтан да бұл жерде астынан соғатын желдер бар әртүрлі адамды төмен қарай тартып соғатын. Сосын енді бұл жерге ойын балдары да келеді. Бір-бірін итеріп қалуы да мүмкін. Сондай жалпы қауіпсіздік мақсатында, осы панараманың басын айналдырып, қоршау салғымыз келеді.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу