Атырауда оқушылар БЖБ және ТЖБ-дан босатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда оқушылар БЖБ және ТЖБ-дан босатылады

17.04.2024

Атырауда оқушылар бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудан босатылады. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің 10 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, іске асырылып отыр. Облыстағы 149 мың оқушы күнделікті онлайн сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Баланың білім деңгейі соған қарап бағаланады. Сонымен бірге, су тасқыны болып жатқан аймақтардағы мұғалімдердің біліктілік санатын арттыруға арналған аттестациядан өту мерзімі тамыз айына шегерілді.

Орынтай Биманова, облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

БЖБ, ТЖБ болмаған жағдайда күнделікті қалыптастырушы бағалау деген бар. Яғни формативті бағалау күн сайынғы бала өзінің сабақтағы тапсырманы орындау арқылы оған жауаптарын беру арқылы баланың бағасы қойылып отыр. Яғни ол қалыптастырушы бағалау. Соған сәйкес баланың білім деңгейі анықталады.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу