Ақтөбе облысының Қобда ауылында суға кеткен үйлердің орнына жаңа баспаналар тұрғызу үшін жер учаскелері бөлінді. Мұнда 100-ден астам үйге залал келген. Дегенмен, бұл сан әлі де өсуі мүмкін. Өйткені, су кірген нысандардың техникалық жағдайын тексеру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Құрылысты 15 мердігер компания жүргізеді. Қазір баспаналардың орны белгіленіп, алғашқы қазықтары қағылды. Барлық жұмыстар екі айдың ішінде аяқталуы тиіс. Тұрғындардың бүлінген дүние-мүліктеріне де өтемеқы беріледі.
Ержан Мұздыбаев, облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
Бас жоспарға сәйкес үйлерді мердігер мекемелерге бөліп береміз. Қобда селосының өзінде 102 тұрғын үйді су басты және осы ауданның Жарық елдімекенінде 27 үй. Мердігер мемелерге өз қаражаттары есебінен жұмысты шұғыл бастап кету үшін бес-бес учаскеден бөліп бердік.
Жақсыбек Кемал