Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Қорған және Түмен облыстарында өзендердің деңгейі күрт көтеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Қорған және Түмен облыстарында өзендердің деңгейі күрт көтеріліп жатыр

16.04.2024

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Қорған және Түмен облыстарында Тобыл және Есіл өзендерінің деңгейі күрт көтеріліп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Қорғанда мыңға жуық үй мен дачалық учаскені су басқан. Сондықтан екі аймақта да эвакуация жалғасып жатыр.

Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков «жағдайдың аса қиындайтынын» ескертті. Себебі Тобылдың суы таяу уақытта 11 метрге дейін көтеріледі деген болжам бар.


Хабарламаларға жазылу