Тасқыннан зардап шеккен өңірлерде 13 мектеп Starlink-ке қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан зардап шеккен өңірлерде 13 мектеп Starlink-ке қосылды

16.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 13 мектеп Старлиңкке қосылды. Жоғары жылдамдықты интернетпен әзірге Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы білім ордалары қамтылған. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлім етті. Оқушылар сондай-ақ қажетті оқу құралдарымен, киіммен және тамақтанумен қамтылып жатыр.

Еліміздің 42 мектебінде оқушылардың біліміне мониторинг жүргізілмейді. Ақтөбе және Атырау облыстарының білім алушылары бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсыруға міндеттелмейді. Сонымен қатар төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін уәкілетті органдармен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімін жасайды.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу