Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

16.04.2024

Батыс Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, Оралда «Батыс су арнасы» және «Жайықжылуэнерго» нысандары мен сорғылау стансасында су тасқынына қарсы жұмыстар ұйымдастырылды. Қаланың 340 мың халқын сумен қамтамасыз ететін «Батыс су арнасы» коммуналды кәсіпорны қазір қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Тұтастай алғанда, Батыс Қазақстанда барлығы 20 мың шақырымнан астам электр желісі бар.

Мирас Мүлкәй, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы:

«Жайықжылу»АҚ қалаға жылу беретін насостық стансамыз. Сол насостық стансамызға ЖЭО су беріп отырмыз. Тәулігәне 30 мыңнан астам. Қалаға ауыз суды беріп отырмыз. Осы стансаны қорғап қалу үшін құм төсеу, қапшық қою, бір жарым шақырым дейін топырақ себу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз».

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу