Жамбыл облысында ауру малдың еті базарда сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында ауру малдың еті базарда сатылған

16.04.2024

Жамбыл облысында ауру малдың еті базарда сатылған. Өлген малдың етін жарамды өнім ретінде ұсынған екі цехтың жасырын жұмысы әшкере болды. Олар осылайша 5 жыл бойы пайда тауып келген. Прокурорлар Сібір жарасының күрт дендеп кеткен соң тексеріс жүргізген. Өйткені былтыр Жамбылда 19 дерек анықталып, аймақтар арасында алғашқы орынға шықты. Ал елді мекендердегі эпизоотиялық ахуалды жақсартуға соңғы 3 жылда 6.8 млрд теңге қаралған. Бірақ бөлінген қаржы мақсатсыз жұмсалған. Ал мың жарымға жуық малдың неден өлгені есепке де алынбаған. Тіпті Жуалы ауданында 500 бас сиыр лейкозбен ауырса да карантиндік шара жүргізілмеген.

Сағынтай Айтжанов, Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы басшысының орынбасары:

Жалпы тексеріс нәтижесімен 5 тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылып, 10-нан аса лауазымды тұлғалар тәртіпті жауапкершілікке тартылды. Ветеринарлық бақылау комитетіне прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, зертханалық лаборотория басшысына сөгіс жарияланып, ветеринариялық инспекциясы басшысына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. 

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу