Солтүстік Қазақстан облысында тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидрометтің» мекемесі облыстық филиалының директоры Қымбат Мерғалымова мәлімдеді. Теріскейдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланысқа шығып тұр. Эльмира, тасқынның қаупі туралы мамандар не дейді?
Эльмира Кәленова, тілші:
Мамандар мәліметінше Ақмола облысындағы Жабай және Қалқұтан өзендеріндегі су деңгейі көтеріліп Есілге қосылған. Салдарынан осы уақытқа дейін деңгейі төмендеп келе жатқан Мүсірепов ауданы маңында Есіл өзені тағы үш сантиметрге көтерілген. Ал, ертең Сергеев қоймасында су деңгейі қайтадан жоғарылайды. Ол судың басы Петропавл қаласына 22-сәуірге қарай жетуі мүмкін. Қазигидромет өкілімен сұхбаттасқан едік. Маман пікірін тыңдап алайық
Қанат Жұмабаев, Петропавл қалалық ПБ бірінші полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы:
Облыстағы елдімекендерде 2 мыңнан астам үйді су басты. Тасқын басталғалы өңірде 10 350 мың адам эвакуацияланды. Мамандар мәліметінше әлі де 15-тен астам елді мекенді су басуы мүмкін.
Эльмира Кәленова