Қазақстан мен Армения 10 келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Армения 10 келісімге қол қойды

15.04.2024

Бізді ортақ тарих пен қазіргі қарым-қатынастар байланыстырады. Армения Президенті Ваагн Хачатурян осылай деді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға алғаш рет ресми сапармен барды. Екі ел арасында автомобиль қатынасы жанданады. Одан бөлек, Цифрлық даму, туризм салаларында да бірқатар ортақ жобалар қолға алынбақ. Жалпы, 10 құжатқа қол қойды. Оңғар Алпысбайұлы толықтырып жеткізеді.

Қазақ Президенті Қасым Жомарт Тоқаевты, Арменияның мемлекеттік резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды. Одан соң шағын құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар арадағы көпқырлы байланысты одан әрі нығайтуға бейілді екендерін растады. Мемлекет басшысы бұл сапардың, Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақ армян әріптестігін жаңа деңгейге көтеруге қатысты бастамаңызды толық қолдаймын. Біз армян халқының терең тарихына, ежелгі мәдениеті мен салт дәстүріне зор құрметпен қараймыз.

Никол Пашинян Қазақстан Президентінің Арменияға алғашқы сапары жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімді.

Никол Пашинян Армения республикасының премьер-министрі:

Сіздің бүгінгі сапарыңыздың маңызы зор. Келіссөздер барысында кең ауқымды мәселелерді қарастырдық. Соның ішінде экономикалық және саяси ынтымақтастықты тереңдетуге, өңірлік ықпалдастықты кеңейтуге баса мән бердік. Сонымен қатар біз мәдени-гуманитарлық саланы да назардан тыс қалдырған жоқпыз.

Армения Қазақстанның оңтүстік кавказ аймағындағы негізгі серіктестерінің бірі. КЕСТЕ: 2022 жылы сауда айналымы 43 млн доллардан асқан. Ал былтыр 23 пайыз өсіп, 51 млн доллардың үстіне шықты. Қазақстан 33 млн доллардың тауарын экспорттап, 19 млн доллардың өнімін сатып алған. КСМ: Қазақстан Арменияға шығарылатын экспорт көлемін 350 миллион долларға жеткізуге дайын деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Тауар айналымын ұлғайтуға серпін беретін жаңа бағыттарды іздестіру керек деген ортақ пікірге келдік. Экспорттық-импорттық тауарлар номенклатурасын кеңейту үшін нақты шаралар қабылдауымыз керек. Ол үшін қолда бар мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану қажет. Қазақстан Арменияға шығарылатын экспорт көлемін 350 миллион долларға жеткізуге дайын.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Қазақстан да Арменияда кедендік одақтың мүшесі. Сондықтан, ары бері алмасқан тауар үшін кедендік баж салығы салынбайды. Салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл бизнес өкілдері үшін ерекше мүмкіндік. Яғни екі ел арасындағы алыс-берісті арттыратын негізгі тетіктің бірі деді экономист Бауыржан Ысқақов.

Бауыржан Ысқақов, экономист:

Екі мемлекеттің арасындағы сауда экономикалық байланысқа тосқауыл болатындай ешқандай да шектеу жоқ деп айтуға болады. Және де Армения мемлекеті Қазақстан тарапынан біздің қазба байлықтарымызға, оның ішінде мынау игерілмеген альюминий дейміз, қара темірлеріміз бар, түсті металлдарымыз бар міне осындай Арменияның экономикасын дамытуға күш беретін бағалы біздің құнды заттарымызға Армения мемлекеті қазіргі уақытта мүдделі.

Армения тарапы Қазақстанның цифрлық жобаларына ерекше қызығушылық танытып отыр. Әсіресе электронды үкімет, банк жүйесіндегі жетістіктер көш ілгері дейді.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Бізде хабтардың арасында екі елдің ІТ саласында жұмыс істейтін адамдардың арасындағы қарым қатынасты жақсартуға және екі жақты выставкаларда бізде диджатал бридж оларда диджетекс деген выставкалар бар. Соларға да қатысу. (скл) Бізде ғарыш саласында спутниктер құрастыруда жетілдірілген мамандарымыз бар. сондықтан осы салада да олар бізге келіп, олар біздің сол спутниктерімізді қалай құрастыратындарымызды көруге ынтасын білдірді.

Бұл бағыттағы бастамаларды тараптар үкімет деңгейінде құжатпен бекітті. Армения тарапы осы келісімнің аясында әлемдік нарыққа шықсақ деген ұсыныстарын айтты.

Геворг Манташян, Армения республикасы жоғары технологиялық өнеркәсіп министрінің орынбасары:

Қазақстанның гов тек және Фин тек саласында өте маңызды жобалары бар. Ал бізде осындай шешімдерді сыртқа экспорттап отырған ірі компания бар. Егер Қазақстан тарапы мен бірлесе жұмыс істесек жаһан жұрты қызығатын жобаларды жасай аламыз.

Келесі кезекте жол қатынасы көтерілді. Ереван мен Астананың арасында Ашхабат арқылы жаңа әуе рейсі іске қосылатын болды. Ал, автомобиль жолдары арқылы былтыр 7 мың тонна жүк тасымалданған. Оны еселеп көтеру бүгінгі келісімде қамтылған.

Марат Қарабаев, ҚР көлік министрі:

Біздің көлікер осы Арменияға келгенде ол жақта бір экологиялық салық ретінде жүз доллардай төлейтін еді. Мына қойылған құжатқа сәйкес сол экологиялық салық қазақстандықтар үшін толығымен алып тасталады.

Карен Иванов, Армения республикасы сауда өнеркәсіп палатасының вице-президенті:

Арменияға Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану тиімді. Автожолдар арқылы жүк тасымалын бір ізге келтіріп алсақ Қытайдан Қазақстан, Түркменстан, Иран арқылы өтетін жеткізудің бағасы арзандап, жеткізу уақыты қысқартын еді.

Жиыннан соң Президент Ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонянмен бірге Матенадаран көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолжазбалар қорында сақтаулы тұрған қыпшақ құжаттары көрсетілді. Соңғы жылдары армян ғалымдарының көмегімен бұл жерден Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты 40 көне еңбектің көшірмелері алынған. Қазақ басшысы Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен де кездесіп, саяси экономикалық қана емес мәдени байланысты арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биыл Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді. Бұл маңызды іс-шара халықтарымызды жақындата түсетіні сөзсіз. Әсіресе, рухани байланыстарымызды жандандырмақ. Сондай-ақ құрметті Армения Премьер-министрімен Ереван қаласы көшелерінің біріне ұлы Абайдың есімін беру туралы келісімге келдік. Ал Астананың бір көшесіне армян әліпбиінің негізін қалаушы, әулие Месроп Маштоцтың аты берілетін болды.

Ресми сапар барысында Қасым Жомарт Тоқаев Армения Премьер министрін Қазақтанға ресми сапармен келуге шақырды.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Бүгінде Қазақстанда Армения капиталымен 400ге жуық компания жұмыс істеп жатыр. 72 бірлескен кәсіпорын бар. Қазақстандық кәсіпкерлер де Арменияда табысты жұмыс істеп жатыр. Президенттің бүгінгі ресми сапарының қорытындысы бойынша мұнай газ, өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы, логистика және басқа да салаларда бірлескен жаңа жобалар қолға алынатын болды. Бұл келісімдер ресми құжатпен бекітілді.


Хабарламаларға жазылу