Алматы облысында «Киелі мекен» науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Киелі мекен» науқаны басталды

15.04.2024

Алматы облысында «Киелі мекен» науқаны басталды. Өңірде осы шара аясында Жамбыл, Талғар және Іле аудандарындағы мәдени-тарихи ескерткіштердің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы іс-шараға 800-ге жуық адам қатысты.

Облыс аумағында 1200-ге жуық тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Олардың 961-і археологиялық орын. Талғар, Қарамерген қалашықтары және «Таңбалы» қорық-музейі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген. Ұйымдастырушылар науқанның басты мақсаты – осындай тарихи-мәдени орындарды абаттандыру дейді.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу