Жамбыл облысы су басқан өңірлерге арнайы техника жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы су басқан өңірлерге арнайы техника жіберді

15.04.2024

Жамбыл облысы тасқыннан зардап шеккен Атырау өңіріне 100-ден аса арнайы техника жөнелтпек. Әзірге Әулиеата жерінен 20 техника жолға шықты.

Бұдан бөлек, қажетті жабдықтар мен жиналмалы төсек орындар да бар. Көмек керуенін жеткізу темір жол арқылы жүзеге асып жатыр. Барлық техника өңірдегі коммуналдық мекемелер мен ірі компанияларға тиесілі. Сондай-ақ жолаушылар пойызы арқылы көліктерді жүргізетін 107 маман сапарға шықты. Батысқа бағыт алған қызметкерлер жергілікті жерде жағдай тұрақталғанша болады. Жалақыларын төлеуді Жамбыл әкімдігі өз мойнына алған.

Ерболат Сейілбеков, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

Жүк техникалары, погрузщиктер, автокрандар, жүк көліктері, цистерналар бар. Техникаларды айдайтын жігіттердің барлығына арнайы өзімізден матрасымыз бар, көрпе-төсегіміз бар, оның барлығын қазіргі таңда жүктеп жатыр.

Ал Батыс Қазақстан облысына Қарағандыдан 55 техинка көмекке жіберілді. Олардың арасында, инженерлік, арнайы және су айдау құрылғылары бар. Техниканы облыстық ТЖ департаменті мен 27 кәсіпорын арнайы бөлген.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу