Солтүстік Қазақстандағы Қызылжар ауданында 700-ден астам үйді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстандағы Қызылжар ауданында 700-ден астам үйді су басты

15.04.2024

Солтүстік Қазақстандағы Қызылжар ауданында 700-ден астам үйді су басты. Эвакуация әлі де жалғасуда. Теріскейдегі әріптесім Эльмира Кәленова, Қызылжар ауданында жүр. Эльмира, қанша елдімекенге қауіп төніп тұр?

Эльмира Кәленова, тілші:

Қызылжар ауданында Тепличное, Прибрежное, Боголюбово, Степное, Семипалатное, Нажежка, Большая малышка елдімекендері мен аудан орталығы Бескөл ауылын су басты. Бескөл Петропавлды Астанамен жалғайтын жолдың бойында орналасқан. Қаладан Бескөлге шығатын жол да су астында қалды. Біз Қызылжар ауданына жету үшін төтенше жағдай қызметінің арнайы көлігімен судан өттік. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың жағдайын білейік. Олар баспаналарын осылай сырттан ғана бақылап жүр.

Солтүсті Қазақстанда 2 мыңнан астам үйді су басты. Мамандар мәліметінше Сергеев қоймасы 150 пайызға толып тұр. Демек, Есіл, Қызылжар ауданы мен облыс орталығында су деңгейі әлі де келе береді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу