Ел ішінде тасқын басталғалы бері, 111 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі таңда 6 мың 800-дей адам, уақытша орналастыру пунктерінде. Олардың 3 мыңға жуығы балалар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш, Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде мәлім етті. Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпейді.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Оңтүстік өңірлерде дауыл тұрады.
Алина Смағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
16 сәуірге дейін Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін. Абай облысы мен ШҚО бойынша дауылды ескерту жарияланды. Мұнда еріген қар суынан өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. 17 сәуірге дейін Қостанай облысының солтүстік және солтүстік-шығысындағы өзендердегі су деңгейі көтерілу қаупі бар. Сондай-ақ Жамбыл облысында 16 сәуірге дейін таулы және тау бөктеріндегі аудандарда және өзендердегі су деңгейі көтеріледі деген болжам бар.
Қаракөз Тұрмағамбет