Қырғызстан Қазақстанға тағы да көмек жөнелтті. Бауырлас елдің Төтенше жағдайлар министрлігі «Жәрдем Керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші партиясы жолға шыққанын мәлімдеді. Жүк көліктеріне 150 тонна жергілікті сүт өнімдері тиелген. Атап айтқанда, 10 мың литр айран, 14 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна ірімшік, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт бар. Азық-түлікті жинауға Қырғызстан азаматтары көмектескен. Президенттің резервтік қорынан да қосымша қаржы бөлінген.
Эделбек Құлматов, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары:
Бұл гуманитарлық көмек Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына жіберілді. Жүк көліктері бүгін сағат 2 жарымда жолға шықты. Енді 5-6 күнде жетіп қалады. Жалпы бұл сүт өнімдерін жинауға қарапайым тұрғындар да көмектесті.
Асылбек Данияр