Петропавлда электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

14.04.2024

Петропавлда электрмен жабдықтау мәселесі кешкі 21: 00-ге дейін толық қалпына келтіріледі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов айтты. Сонымен бірге, су тасқыны болған бірқатар өңірде оң өзгеріс бар. Мәселен, Қостанай облысында жарықтан ажыратылған абонент саны - 5 мыңнан бір мыңға, ал Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 103-ке дейін қысқарған. Батыс Қазақстан облысында электр қуатынсыз отырған абонент саны - 4 есеге, ал Атырау облысында - 3 есеге азайды. Электр желілерін қалпына келтіруге 9 мыңнан астам энергетик пен 2 мыңдай арнайы техника жұмылдырылған.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу