Орал қаласының маңындағы саяжайлардан эвакуацияланған тұрғындарға AMANAT партиясының атынан гуманитарлық көмек беріліп жатыр. Көмекті AMANAT партияның Түркістан, Қызылорда және Жетісу областарындағы филиалдары жіберген. Азық-түлік эвакуациялық орталықтарға бармай, пәтер жалдап немесе туыстарының үйін паналап отырғандарға үлестіріліп жатыр. Алдағы күндері тағы бірнеше облыстан осындай көмек жеткзілмекші.
Гүлжазира Зиятова, қала тұрғыны:
Картоп, май, макарон өнімдері. Астық, құм шекер. Күнделікті керек нәрселерді беріп жатыр.
Ақкенже Малдыбаева, қала тұрғыны:
Пияз, астық, шемішке май. Міне, осы алып шығып жатқанымыз. Қазір біз апамның үйінде тұрып жатырмыз.
Нұрсұлтан Тілектес