Алматы облысындағы гидроқұрылымдардың 60-70% жарамсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы гидроқұрылымдардың 60-70% жарамсыз

14.04.2024

Алматы облысындағы гидроқұрылымдардың 60-70% жарамсыз. Бұл туралы өңірге жасаған сапары аясында парламент сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев мәлімдеді. Қазір барлық су қоймаларын тексеру аяқталған. Қалпына келтіру жұмыстары да пысықталып жатыр. Мәселен, «Күрті» және «Бартоғай» су қоймасы өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жұмыс істеп тұр. Олардың беріктігін зерттеу егіс алқаптарын суару жұмыстары аяқталған соң қолға алынады. Кейбір гидрологиялық нысандардың пайдалануға берілгеніне ғасырдан асып кеткен.

Жанболат Жөргенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Соңғы 30 жылдың ішінде кенжеленіп қалған бүкіл біздің гидроқұрылымдар, элегация жүйелерінің барлығының тозығы жетіп, 60-70% дейін жарамсыз болып қалған жағдайлары бар. Су көлемінің шығынға кетіп жатқан себебі сол. Бұл саланы қозғасақ, өте өзекті, қордаланып қалған мәселелер өте көп. 

Мақсат Аяшев, ҚР СРИМ су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:

Төменгі жерде орналасқан магистральды жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Өйткені, осы жерде жиналған сулардың барлығы жеткізілу барысында көбісі жоғалады. Жерге сіңіп. Сол жұмыстарды жоспарлап отырмыз.


Хабарламаларға жазылу