Елімізде учаскелік инспекторлардың саны артады. Яғни, Ішкі істер министрлігінің құрылымында жаңа бөлімше ашылады. Олар отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреседі. Бұл бағытта, полицияның жұмысы күшейтілген. Былтырғы жылдың шілдесінен бастап, отбасылық жанжал құрбандарының арызынсыз іс қозғалуда. Соның нәтижесінде, 98 пайыз іске нақты шара қолданылған. Мәселен, соңғы үш айда 39 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік Полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Қоғамда отбасылық тұрмыстық-зорлық зомбылыққа байланысты, алдын алуға байланысты қоғамның сұранысы өте күшті. Сондықтан, біз айтып кеткен 256 инспектордың өте аз екенін ескеріп, Үкіметке өз ұсынысымызды енгіздік. Осы бөлімшені кеңейту туралы, олардың санын көбейту туралы.