Қарағанды облысынан Қостанай өңіріне 40 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы жариялаған «Жүректен жүрекке» акциясы аясында, 3,5 тонна ұн, 1 тонна астық өнімдері, 300 литрден астам сұйық май сынды/ түрлі керек жарақтар жиналған. Резеңке қайықтар, көрпе-төсектер, электр генераторлары да бар. Этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерінен бөлек, кәсіпкерлер, еріктілер, қарапайым тұрғындар да қол ұшын созды.
Виталий Хмелевский, «Полония» поляк қоғамының төрағасы:
Арнайы штаб құрылды. Гуманитарлық көмектерді жинақтап, бүгін зардап шеккен өңірге жіберіп жатырмыз. Этно-мәдени бірлестіктер, кәсіпкерлер, тұрғындар барлығы қолдан келгенше көмектесті. Еріктілер де ертелі кеш осы жерде жұмыс жасады.