Мемлекет басшысы штаб отырысында табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстау және бағаның өсуіне жол бермеу қажет екеніне тағы да назар аударды. Сондай-ақ азаматтар үшін әуе және темір жол көліктеріне билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті. Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Малдың өлексесі суға ақты деген сынды ақпараттар келді. Бірақ, оның шындыққа жанаспайтыны анықталды. Сондықтан, эпидемиялық ахуалды қатаң назарда ұстауды тапсырамын.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Эпидемиологиялық жағдай қатаң бақылауда. Пунктерде тәулік бойы жұмыс істейтін кезекшілік қойылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент тасқынның алдын алуға қатысты штаб отырысын өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/192209/)