Елімізде ғылымға қызығушылық артып келеді. 7-11 сәуір аралығында eGov mobile платформасында азаматтар арасында ғылымға қатысты сауалнама жүргізілді. Оған 21 мыңға жуық адам қатысқан. Салаға қызығушылық білдіргендердің - 51%-і ерлер, 49%-і әйелдер. Респонденттердің 67%-і қала тұрғындары, 33%-ы ауыл азаматтары. Сауалнамаға қатысқандардың 33%-ы 18-29 жастағылар, 50%-дан аса 30-45 жастағы азаматтар. Ал 14%-ы 46-60 жас аралығындағы адамдар. Жауап берушілердің 86%-ке жуығы ғылым мен технология саласындағы жаңалықтарға қызығады. Әсіресе медицина, биология және биотехнология бөлімін таңдағандар - 32,6%, ал, IT-технология, компьютер, электроника, роботехника саласы - 30,7 %, психология, тәрбие мен нанотехнолгия -19,4% болған.
Динара Жарқынбек